Астанада Қаныш Сәтбаевқа барельеф орнатылды

12 Сәуір 2024, 15:32
648
Бөлісу:
Астанада Қаныш Сәтбаевқа барельеф орнатылды
Фото: Артём Чурсинов

Астанада белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың барельефі ашылды. Барельеф Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратына орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барельефтің авторы - суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков. Автордың айтуынша, мүсіннің ені мен ұзындығы - 60/80 сантиметр, ал салмағы - 15-20 килограмм.

Барельфті жасау екі ай бұрын жоспарланды. Сол кезде ұсыныс түсті. Мұндай идеяны қабыл алып, бір ай бойы жұмысқа кірістім. Ғалымның бірнеше суретінің ішінен күлімдеп тұрған суретін таңдадым. Ізденіске бір аптаға жуық уақыт жұмсадым. Оның ішінде біртуар азамат туралы ақпарат жиналып, суреттері таңдалды. Ал, жасау үшін бір ай уақыт кетті. Ол кісінің суретіне қарап біраз нәрсені түсіндім. Жалпы, мүсінді жасап, портретін салған кезде адамның қандай екені көрінеді. Қаныш бабамызды жасау жеңіл шықты әрі келбетінен жылуылық пен жақсылық сезілді. Мүсін қоламен құйылды, - деді Талғат Анарбеков.

Астанада Қаныш Сәтбаевқа барельеф орнатылды

Бүгін – Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Сәтбаев - Ұлы ғалым, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті.

Өзгелердің жаңалығы