Астанада полицей кәмпитке қақалып қалған баланың өмірін сақтап қалды

Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданды. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келді.

11 Тамыз 2026, 11:39
АВТОР
 видеодан алынған кадр 11 Тамыз 2026, 11:39
11 Тамыз 2026, 11:39
246
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалып қалған баланың өмірін сақтап қалды.

Оқиға қалалық маршруттық автобуста болған. Жолда келе жатқан кезде балалар арбасында отырған сәби кенеттен кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған.

Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылды. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданды. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келді.

Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен алғашқы көмек көрсету тәжірибесін дұрыс қолданған азамат – Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Әлішер Жарқымбеков.

ЖҚАЖ жауынгерінің бұл әрекеті қызметтік міндеттен тыс уақытта да адам өміріне жауапкершілікпен қараудың нақты үлгісі болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх