Астанада Петров көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Петров көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 Мамыр 2023 2023, 19:26
АВТОР
 Астана қаласы әкімдігінен 18 Мамыр 2023 2023, 19:26
18 Мамыр 2023 2023, 19:26
794
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Петров көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты жол учаскесі уақытша жабылады.

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПҚҚ әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Жол төсемін жөндеу Петров көшесі бойында Жирентаев көшесінен Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылдың 18-22 мамыр күндері аралығында аталмыш учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Наверх