Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

3 Шілде 2023, 15:45
2208
Бөлісу:
Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды
Фото: Арман Мухатов

Елордада алғаш рет пара волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорданың 25 жылдығана орай Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек сарайында» алғаш рет волейболды отырып ойнаудан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Жапония, Монғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Тайланд, Ирак және Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. 

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

Жарыстың ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Азия пара волейбол федерациясының президенті Лу Кайланг, Қазақстан пара волейбол федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы қатысты. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді.

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

Сіздерді пара волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Бұл бүкіл спорт қауымы үшін айтулы оқиға. Байрақты бәсекеге Азияның 9 елінен келген 200-ден аса спортшы бақ сынайды. Құрама командалардың күш-жігері, әдіс-тәсілі, шапшаңдығы мен шеберлігі сынға түседі. Қазақстанда параспорт саласын соның ішінде волейбол ойынын арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар жандарға спортпен айналысуға баса мән беріледі. Бүгінгі дүбірлі дода соның айқын дәлелі. Халықаралық сайысқа арнайы келген спортшыларға және оны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Азия біріншілігінің Қазақстанда өтуі елімізде параспортты дамытуға тың серпін береді деп сенемін, - делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жарыстың маңыздылығын атап өтті.

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

Бүгінгі волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатының еңселі елордада өтуі үлкен жауапкершілікті, құрметті көрсетіп отыр. Осы орайда Азия және Океания федерациясына шынайы ықылас білдіремін. Биыл елордамыздың 25 жылдығында Мәдениет және спорт миниистрлігі тарапынан, елорда әкімшілігінің ұйымдастыруымен бірқатар спорттық шаралар мен Халықаралық жарыстар өтуде, - деді министр.

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты елімізде 35 жылдан кейін өткізіліп жатыр.

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

Әлемде 70-ке жуық команда болса, біз әлемдік рейтингте 7-орында тұрмыз. Бұл спортшылардың үлкен еңбегі. Бүгінгі бірінші ойында Жапония спортшалырын ұттық. 5 шілде күні Ирак командасымен ойнаймыз. Жігіттердің дайындығы жаман емес. Барлығын ойын көрсетеді. Негізгі фаворит Әлемде де Азияда да Иран елі бірінші орында. Сол елдің жігіттерімен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жігіттеріміздің деңгейі өсіп жатыр. Ұлттық құрамада жалпы 30 ойынша бар, - дейді Отырып ойнау волейболынан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты басталды

Волейболды отырып ойнаудан ерлер құрамасы халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлемдік рейтинг бойынша 7-орынға, ал Азия рейтингісі бойынша үздік үштіктің қатарына кіреді. Әйелдер құрама командасы үшін бұл алғашқы халықаралық жарыстар қатарына кіреді. Сондай-ақ бұл жарыстың финалына шыққан құрама 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы