Астанада ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді

4 Ақпан 2024, 04:18
534
Бөлісу:
Астанада ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың Сарыарқа ауданындағы ойын-сауық орындарына жергілікті-рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мекемелерде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, ҚР заңнамасында белгіленген орындарда темекі өнімдерін пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, қыздырылатын темекі, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні жылытуға арналған жүйелер, электронды жүйелер мен сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салу.

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі басшысының м.а. Дамир Хисматуллин бұл іс-шара темекі өнімдерін кальян түрінде сататын бұзушыларды анықтауға көмектесетінін атап өтті.

Кальян адам денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына зиянды әсер ететін кең таралған құрылғы. Осыған байланысты халық арасында салауатты өмір салты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аталған іс-шара өткізіледі. Көбінесе бұл құрылғыларды сатып алушылар кәмелетке толмаған жастар болып саналады, олар өз кезегінде денесіне келтірілген зиян туралы ойламайды. Өткен жылы қоғамдық орындарда кальян қолданудың 262 фактісі анықталды, аталған бұзушылықтар бойынша мекеме әкімшілері мен иелері атынан жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ биылғы жыл басынан бері осындай 16 факт анықталды, - деп атап өтті Дамир Хисматуллин.

Ол рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетінін айтты.

Рейдтер барысында Республика даңғылы, 9/3 үй мекенжайындағы “Мята”, Әуезов көшесі, 8 үй мекенжайындағы "Пинта" және Желтоқсан көшесі, 2 үй мекенжайындағы "Шишка" сияқты мекемелер қамтылды.

Профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 10 учаскелік полиция инспекторы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы