Астанада өткен сенбіліктерге 66 мыңнан астам адам қатысты

24 Қыркүйек 2023, 16:41
635
Бөлісу:
Астанада өткен сенбіліктерге 66 мыңнан астам адам қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Экологиялық айлық аясында бүгін жалпықалалық сенбілік өтті. Астананың тазалығына айлық аясында 66 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпықалалық тазалық іс-шарасына бизнес өкілдері, кәсіпорындар, ұйымдар, оның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атсалысты.

Коммуналдық сенбілік аясында 1240 жасыл желек отырғызылды. Сенбіліктер аясында бүгінге дейін ауданы 1 млн 360 мың шаршы метрден астам саябақтар мен алаңдар тазартылды. 108 бірлік тиеу техникасы және 215 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.

Биыл 16 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығындағы кезеңде сенбілікке 66 мыңнан астам адам қатысты. 2400-ден астам жасыл желек отырғызылды. Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 108 тоннадан астам қалдық жиналып, тасымалданды.

Айта кетейік, елордада «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы