Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

3 Қазан 2022, 14:26
1115
Бөлісу:
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
PHOTO

Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға елордалық 109 отбасы қатысты, деп хабарлайды  BAQ.KZ қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш сайыс балалар жылының  орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Сайысқа,  Астана қаласының барлық ниет білдірген отбасылары қатысты.

Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

Шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Жылқыбаев және жарыстың бас төрешісі Дәулет Тұратұлы Хамзин қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жарыс ережесімен таныстырды. Сонымен қатар, шара аясында ве­ло­­сипедке мінген ата-ана­лар мен балалар фитнес жат­тық­тырушылардың жетек­шілігімен аздап жаттығу жасап, жарыс алдында бір ширап алды.

Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді. Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырым.

Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

«OTBASY DUATLON 2022» дәстүрге айналды. Биыл алтыншы рет өткізіп отырмыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар едәуір артты. Келер жылы 5-6 жастағы балаларды қоспақшымыз. Жарысқа қатысуға өтінімдер алдын ала электронды түрде қабылданды, міндетті түрде шлем мен дәрі­гердің рұқсаты болуы керек. Жалпы, биылғы дуатлонда балалар үшін үш санат – 8-9, 10-11 және 12-13 жас белгіленді. Отбасылық сайыстың алғашқы бөлімінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым қашықтыққа – алдымен 2,1 қашықтыққа әкелер жүгірді, одан әрі эстафетаны велосипедке мінген аналар алды. Жарысты балалар мәреге дейін 200 метр жүгірумен аяқтады, – дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.  

Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты
Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

Барлық қатысушы отбасыға  қатысқаны үшін финишорлық медальдармен "GALANZ bottlers" компаниясы ұсынған "Sevens" суы табысталып, жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, яғни әр жеңімпаз команда мүшелеріне теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталды.

Астанада өткен «Оtbasy duatlon 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты лотерея ұтысымен жалғасты. Жарысқа қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед пен Қазақстан бойынша ең дәмді "DODO" мейрамханасынан арнайы сертификаттар ойнатылды.

Өзгелердің жаңалығы