Астанада өтетін Азия чемпионатына 300 спортшы қатысады

7 Сәуір 2023, 23:32
687
Бөлісу:
Астанада өтетін Азия чемпионатына 300 спортшы қатысады
Фото: kazaknews.kz

Астанада өтетін Азия чемпионаты – Азия ойындарының және Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі.т36-шы Азия чемпионатына Азия құрлығының 24 елінен 300 жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9-14 сәуірде Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен 36-шы Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа Азия құрлығының 24 елінен 300 жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олардың ішінде жетеуі - Олимпиада ойынының жүлдегері, бесеуі - Әлем чемпионаттарының жеңімпазы.

Бұл чемпионат Азия ойындарының және Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып табылады, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы