Шымкентте камера көмегімен 3 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды.
Полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты қылмысты жедел ашты.
Тұрғынның ауласынан құны 3 миллион теңге болатын асыл тұқымды жылқы ұрланған. Жылқының жоғалғаны туралы хабар алған полицейлер дереу жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Жедел жұмыстар барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, күдіктінің қозғалыс бағыты анықталды. Нәтижесінде 1978 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған жылқы табылып, заңды иесіне қайтарылды, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.