Астанада «Менің Туым – менің мақтанышым!» патриоттық-танымдық кездесу өтті

25 Желтоқсан 2023, 17:08
3355
Бөлісу:
Астанада «Менің Туым – менің мақтанышым!» патриоттық-танымдық кездесу өтті
Фото: №52 мектеп-гимназия

Астана қаласында Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында Мәдениет және ақпарат министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Менің Туым – менің мақтанышым!» атты патриоттық-танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы үздік оқушыларға Мемлекеттік Тудың бейнесі бейнеленген төсбелгісін табыстау, жастарды отансүйгіштікке баулу, жас ұрпақтың Мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш сезімін арттыру, патриотизмді дәріптеуді мақсат еткен шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив,құжаттама және кітап ісі комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасы басшысы Г.Аргенова мен Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандары қатысып, оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы кеңінен баяндады.

Іс-шара соңында үздік, өнегелі оқушыларға Ту бейнесі бар төсбелгі табысталды. Аталған мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Аппазова Ләйлә Сағиқызы қатысушыларға алғысын білдірді.

Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздіктің, еркіндіктің, бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде өте қастерлі. Барлық халықаралық деңгейдегі сайыстарда ел азаматтары жеңімпаз атанғанда, Қазақстанның көк туы көкке көтерілгенде, кеудеңді мақтаныш сезімі кернейтінін сөзбен жеткізу қиын-ақ! Бүгін оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге шақыратын кездесу өткеніне қатты қуаныштамын! Бұндай шаралар мектептерде жиы болу керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы