Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

24 Ақпан 2023, 17:24
1019
Бөлісу:
Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл шараны ҚР Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне арналған ведомствоаралық конференция өтті. 

Оған Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің, әскери жоғары оқу орындарының, әскери бөлімдердің басшылығы, Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ҰҚК авиациялық қызметінің, Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы авиация басқармасының, авиация саласының мемлекеттік компаниялары мен кәсіпорындарының өкілдері қатысты. 

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Әскери ұшқыштың мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік қолдау шаралары мен заңнамалық өзгерістерге тоқталған генерал-лейтенант Марат Құсайынов соңғы он жыл ішінде адам факторы бойынша апат деңгейі әлі де жоғары екенін атап өтті. Оның алдын алу үшін біліктілігі жоғары авиация персоналдары керек және  іріктеу мен біліктілігін арттыру кезеңдерінде олардың кәсіби жарамдылығын айқындау қажет деді.

Конференция барысында мамандар ұшу қауіпсіздігін басқару саласындағы қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ қажетті радиотехникалық құралдармен және арнайы әуеайлақ жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады. Сондай-ақ авиациялық оқиғаларды тексеру барысында анықталған кемшіліктер де, сындарлы ұсыныстар да айтылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бұл шара жыл сайын тәжірибе алмасу және Қазақстанның барлық күштік құрылымдары мен басқа да мемлекеттік органдардың авиациялық қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін өткізіледі.

Кездесу нәтижесінде 2023 жылға арналған мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басты міндеттер айқындалып, тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы