Астанада массаж жасайтын әйел клиентінің ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді: Күдікті ұсталды

Астанада емдік массаж қызметін көрсететін әйел клиентінің оны ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді.

23 Қыркүйек 2026, 16:43
АВТОР
 pexels.com 23 Қыркүйек 2026, 16:43
23 Қыркүйек 2026, 16:43
173
Фото: pexels.com

Астанада қыздың зорланғаны туралы арызынан кейін полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің зорлыққа тап болғанын Threads әлеуметтік желісінде Human Rights Lawyers қорының президенті Ләззат Рақышева жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не болды?

Қыздың айтуынша, оқиға 4 шілдеде болған. Оның сөзінше, медициналық білімі бар, қосымша оқудан өткен және емдік массаж қызметін көрсеткен.

Бұған дейін оның сеансына массаждан кейін интимдік қызметтерге қызығушылық танытқан ер адам келген. Қыз бас тартып, оның нөмірін бұғаттап тастаған. 

Шамамен бір айдан кейін ер адам оған басқа нөмірден хабарласып, емдік массажға келуін сұраған. Қыз интимдік қызметтердің көрсетілмейтіні туралы алдын ала бірнеше рет ескерткенін айтады.

Көрсетілген мекенжайға келген ол сол клиентті танып қойған. Қыздың айтуынша, массаж кезінде ер адам одан көрсетілетін қызметке қатысы жоқ әрекеттерді талап ете бастаған. Бас тартқаннан кейін ол кетпек болған.

Қыздың айтуынша, ер адам оның пәтерден шығуына жол бермеген, ұрып-соққан және оған қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған. Ол сондай-ақ ер адамның өзін пышақпен қорқытқанын мәлімдеді.

Қыз пәтерден қашып шығуға тырысып, терезеден көмек сұрап айғайлаған. Оны аулада жүрген адамдар байқап қалған. Кейін ол пәтерден шығып, куәгерлерден көмек сұраған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келген.

Полиция не хабарлады?

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ тілшісіне бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ведомствода.

Еске салайық, бұған дейін Семейде 19 жастағы студент қызды өлтіріп кетті: Күдікті ұсталды

Тағы оқи отырыңыз: 

14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды

Түркістан облысында көпбалалы ана отбасылық жанжалдан кейін көз жұмды

Өзбекстанда жұмыстағы зорлық-зомбылық пен қысымға қарсы шағымдану порталы іске қосылады

Наверх