Семейде колледждің 19 жастағы студенті пышақ жарақатынан қайтыс болды. Полиция жәбірленушінің танысы болған 24 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қылмыстық оқиға 21 қыркүйек күні үйдің жанында болды. Айқайды естіген көршілер далада жанжалдасып тұрған жастарды көрген. Олар жарақаттанған қызға алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Куәгерлердің айтуынша, қыз бен шабуыл жасаған адамның арасында жанжал туындаған. Қылмыстан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 24 жастағы күдікті жігіт анықталып, ізін суытпай ұсталды.
21 қыркүйек күні полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, жедел түрде ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм таныс болған, - деп жауап берді Абай облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көршілер арасындағы жанжал болып, ер адам қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
«Маньяк жүр» деген қауесет: Полиция Кентаудағы оқиғаның мән-жайын айтты
Әйелді үйінде ұрып, телефонын тартып алған: Леңгірде түнде шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Шығыс Қазақстанда екі адамның денесі табылды