Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

15 Қараша 2022, 17:02
1361
Бөлісу:
Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды
PHOTO

Астанада мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Айтулы додаға Алматы мен Астана қалаларынан өзге 6 өңірден келген 245 спортшы қатысуда.

Астанада соңғы жылдары шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей секілді спорт түрлері жақсы дамып келеді. Аталмыш чемпионаттың елордада өтуі, Астаналық спортшылар үшін үлкен нәтиже. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған қалалық ашық чемпионатқа өзгеде қалардан келіп қатысуда. Үш күнге созылатын жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Бұл жарыста жұптық бәсеке жоқ. Сондықтан спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді. Өздеріңіз байқағандай бүгін міне «Алау» мұзайдыны сарайында мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары анықталды, - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес өтеді. Балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлердің өнерін арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайтын болады. Бұл дегеніміз жарысты жоғары деңгейде өткізуге және әділ төрешілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді.  

Бүгін жарыс аланыңа спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткер ұл-қыздар шығады.

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

Бұл жарыста біз ең мықты деген елордалық спортшылар  арасынан 24 таңдаулы мәнерлеп сырғанаушыларды Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Олар алдағы 20-24  қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан ҚР жастар чемпионатында өнер көрсететін болады. Сондықтан, республикалық аренада қаламызды лайықты танытатын мықты команданы таңдау біз үшін өте маңызды, - дейді Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанова.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Әзірге жарыс 16 қарашаға дейін жалғасады.

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат басталды

Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін. Сондай-ақ чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA-OPEN» қалалық ашық чемпионатының 1 күннің нәтижелері

3 жасөспірімдік, ұлдар
1 орын – Тулен Еркебулан

3 жасөспірімдік, қыздар
1 орын – Исенаманова Ясения
2 орын – Амангельды Айбике
3 орын – Сатимова Айлина

2 жасөспірмдік, ұлдар
1 орын – Минеев Даниэль
2 орын – Халиков Дилияр
3 орын – Муканов Ерасыл

2 жасөспірімдік, қыздар
1 орын – Сичковская Алиса
2 орын – Сайманова Мальвина
3 орын – Шалмагамбетова Камила

1 жасөспірімдік, ұлдар
1 орын – Ермагамбетов Искандер
2 орын – Махкамов Карим
3 орын – Илиупов Даниял

1 жасөспірімдік, қыздар
1 орын – Журавлева Софья
2 орын – Майлыбаева Амелия
3 орын – Гулиева Айлин

Өзгелердің жаңалығы