Астанада LRT желісінде тестілік сынақтар аяқталып, жоспарлы жұмыстарға байланысты пойыз қозғалысы 5 мамырға дейін уақытша тоқтатылды. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС компаниясы хабарлады.
Жауапты мекеменің мәліметінше, LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмыстары толық көлемде аяқталған.
Қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 мамырға дейін барлық LRT пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде:
– эстакадалық инфрақұрылымды тазалау;
– станса ғимараттарын ретке келтіру;
– инженерлік жүйелерді әрі қарай пайдалануға дайындау жұмыстары атқарылады.
Аталған жұмыстар LRT инфрақұрылымын толық іске қосуға дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылып отыр.
Еске салайық, бұған дейін LRT жүйесі іске қосылуға дайын екенін, сынақ кезеңі аяқталғанын хабарладық.
Тағы оқи отырыңыздар: Астанада жеңілдігі бар LRT картасын үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады?
Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды