Астана қаласы полиция департаменті "Арыс" көпірінде болған жантүршігерлік жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 маусым күні сағат 06:04-те Chevrolet Malibu маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші Сығанақ көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне кетіп бара жатып "Арыс" көпірінде рөлге ие бола алмай, бетон бағанаға соқтығысты (ред. - LRT бағанасы). Салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.
ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Криминальный Казахстан телеграм каналындағы ақпаратқа сүйенсек, қайтыс болған жүргізуші әкімдік қызметкері болған.