Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

 ТЖМ телеграм каналы 20 Қыркүйек 2026, 08:14
20 Қыркүйек 2026, 08:14
157
Фото: ТЖМ телеграм каналы
Астананың Есіл ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Оқиға 20 қыркүйекке қараған түні Сарайшық көшесінде болған.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің аумағы 15 шаршы метрді құраған.

Сағат 03:45-те 112 пультіне өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сағат 04:13-те оқшауланып, 04:22-де толық сөндірілді. Оқиға орнында 25 адам жұмыс істеді, – деді Астана қаласы ТЖД жедел кезекшісі Айтуған Бекенов.

Құтқарушылар екі адамды өрттен аман алып шығып, тағы бес тұрғынды эвакуациялады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх