Хромтау маңында Audi мен «ГАЗель» автокөліктері соқтығысып, үш адам қаза тапты. Полиция ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол апаты 28 шілде күні Самара – Шымкент автожолында болған.
Хромтау қаласы маңында Audi және «ГАЗель» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Алтай Республикасында жол апатынан екі қазақстандық қаза тауып, төртеуі жарақаттанғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Оң рульді көліктерге тыйым: Автосарапшы жол апатының басты себебін атады
Жетісу облысында үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр