Астанада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті

1 Қыркүйек 2024, 01:18
435
Бөлісу:
Астанада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада Сарыарқа ауданында жүгіруден спорттық шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің жазуы бойынша ҚР Конституциясы күніне орай Saryarqa Run бұқаралық жүгірісі өтті.

Saryarqa Run марафоны Конституция күнін атап өту қарсаңында ұйымдастырылып, 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтуге дайын қатысушыларды жинағанына қуаныштымыз. Бүгін спорттық марафонға 16 жастан бастап 64 жасқа дейін 500-ден астам әуесқой спортшы қатысты. Ең бірінші мәреге қатысушы 15 минутта келсе, соңы 40 минутта жетті. Болашақта тағы да ұйымдастыру жоспарда бар. Барша спортсүйер қауымды алда біздің ауданда өтетін дәстүрлі «Koktal run»-да күтеміз, - деді Сарыарқа ауданы Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов.

23 тамыз күні Saryarqa Run жүгірісіне тіркелу ашылып, санаулы сағаттың ішінде 500 адам тіркелді. Жарыстың талабы бойынша тек 16 жастан асқан азаматтар ғана қатысуға мүмкіндік алды. Өзге жүгірістерден ерекшелігі – тіркелген әуесқой спортшылар ешқандай жарна төлемеді.

Зейнеткер кісі 5 шақырым қашықтықты 27 минутта жүгіріп өтіп, біршама жастарды басып озды.

Жарыстың нәтижесі бойынша, ерлер мен әйелдер 16-49 және 50 жастан жоғары санатта арнайы марапатталды.

16-49 жас. Ерлер.
1-орын: Әкім Еркебай;
2-орын: Қуаныш Бекенов;
3-орын: Архат Қалдыбек.

16-49 жас. Әйелдер.
1-орын: Диана Ержанова;
2-орын: Гүлмира Ғазизқызы;
3-орын: Әлия Асылбекова.

50 жастан жоғары. Ерлер.
1-орын: Меңдібай Әлімғазинов;
2-орын: Алекс Амиот;
3-орын: Ержан Жиекбаев.

50 жастан жоғары. Әйелдер.
1-орын: Динара Шаймерденова;
2-орын: Насипа Шынбаева;
3-орын: Ботагөз Ақжігітова.

Өзгелердің жаңалығы