Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада конкурдан Қазақстан кубогы өтеді

18 Маусым 2025, 21:25
536
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Астанада 20-22 маусым аралығында «Арғымақ» базасында конкурдан Қазақстан Республикасының (кедергілерден өту) кубогы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген мықты спортшылар қатысады. Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететін болады.

Астанада конкурдан Қазақстан кубогы өтеді

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылады. Бұл – жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, әділ бағалануы мен кәсіби төрелікке кепілдік береді.

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дәрежесіне сәйкес дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Өзгелердің жаңалығы