Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

30 Қараша 2021, 14:43
4473
Бөлісу:
Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде сақталған мұраның бір бөлігі астанаға Түркістанның тарихи маңызын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи мұраларды насихаттау үшін әкелінді. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

«Ұлы даланың жазба мұралары» тақырыбында ұйымдастырылған көрме экспозициясына  қорық-музей қорында сақталған ХVІІІ-ХІХ ғғ тән қолжазба Құрандар, ХХ ғасырдың басында Қазан баспасынан жарық көрген баспа құрандар, 1910 жылы араб, парсы тілінде Қазан баспасынан шыққан тәфсірлер және тағы да басқа құнды қолжазбалар қойылды. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Бүгінгі көрмеге 60-қа жуық кітап алып келіп отырмыз. Олардың 37 данасы қолжазбалар, 15 данасы 2000 жылы Түркия мемлекеті сыйға тартқан алтындатылған құран кітабының беттері, шырағдандар, тәфсірлер. Арғысы ХVІІІ ғасырдан сыр шертетін қолжазбалардың түпнұсқасын әкелдік. Бұл - қорымыздың кішкене ғана бөлігі. Музейімізде көне кітаптар көп. Солардың ішінде ең ұзақ сақталғаны – XV-XVI ғасырдағы кітаптар. Болашақта сирек кездесетін кітаптарды Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында  реставрациядан өткізу жоспарда бар, - деді музей директоры Ерсін Тәжібаев. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Бүгінгі таңда негізгі және ғылыми көмекші қорға жататын 634 кітап сақталған. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Оның қолжазба нұсқалары - 158 дана. Қалған 476 дана кітап көне баспалар.

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Түркістан халқы үйінде сақтаулы тұрған көне кітап, қолжазбаларды қорық-музейге өткізеді. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Директордың айтуынша, адамдар өткізген мұра кез келген уақытта келіп қолдана алады және ұрпақтарына көрсетуіне болады. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Көрме қонақтарына Түркістаннан келген мұраны «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Берік Байболов таныстырды.

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі негізінде құрылған республикалық музейде мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің бастамасымен бірнеше ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, елдің қолында, мешіттерде сақталып келген бірнеше жазба ескерткіштер жинақтала бастады. Мұндай кітаптарды халық бізге жылына екі рет өтетін «Музейге сый» акциясы аясында алып келеді. Бізге кітап өткізетін адамдарға ол мұраны кез келген уақытта қолдануына, балаларын алып келіп, көрсетсе болады деп түснідіреміз, - деді ол.

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің көрмесі 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. 

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Көрме Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында 2021 жылдың 30 қарашасы мен 30 желтоқсан аралығында келушілерге қызмет көрсетеді.

Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды

Өзгелердің жаңалығы