Астанада компьютерлік клубта дәрет сындырып, ойран салған ер адам қамалды

Елордада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған тұрғын әкімшілік қамаққа алынды.

Бүгiн 2026, 17:54
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 17:54
Бүгiн 2026, 17:54
125
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Елорда тұрғыны мас күйде компьютерлік клубта қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті бүлдірген. Бұрын да құқық бұзғаны үшін айыппұл қамаққа ауыстырылды.

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың наурыз айының соңында болған. Астана тұрғыны алкогольдік мас күйде компьютерлік клубқа келіп, қоғамдық орында дәрет сындырған, балағат сөздер айтып, сондай-ақ мүлікті бүлдіріп, қоршауды сындырған.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін сот бастапқыда оған 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салған. Алайда құқық бұзушының бұрын да бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Атап айтқанда, өткен жылы ол 11 рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, бірақ айыппұлдарын төлемеген.

Осыған байланысты прокуратура тарапынан прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Нәтижесінде сот айыппұлды 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа ауыстырды, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Прокуратура қоғамдық орындарда балағат сөз айту, мүлікті бүлдіру және айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту әрекеттері заңмен жазаланатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабымен реттеледі.

Аталған бапқа сәйкес, құқық бұзушыларға 60 АЕК-ке дейін айыппұл, 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамақ жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, Астанада мас тракторшы полициядан қашып, жаяу жүргіншілер жолымен жүйткіген болатын.

Тағы оқи отырыңыздар: Павлодарда жасөспірім мас күйде көлік айдаған

Наверх