Астанада қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады

8 Қаңтар 2021, 07:45
1512
Бөлісу:
Астанада қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар жүрмейді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.
Бұған дейін елордадан шығатын республикалық маңызы бар жолдардың барлығы жабылғанын жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы