Астанада індетке қарсы екпе салдыру қарқыны 1,5 есе төмен – министр

18 Қаңтар 2022, 10:27
1264
Бөлісу:
Астанада індетке қарсы екпе салдыру қарқыны 1,5 есе төмен – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, елімізде халықты вакциналау жалғасып жатыр.

Алайда елордада халықты вакцинациялау қарқыны 1,5 есе және ревакцинациялау қарқыны 4 есе төмен екенін атап өтті.

Бүгінгі күні 1-компонентпен 9,5 млн астам адам егілді, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 79,6%-ы  қамтылды. Екінші компонентпен  8,8 млн астам адам егілді. Бұл егілуге тиісті ересек тұрғындардың 75,8%-ын  құрады. Барлық халық санының ішінде бірінші компонентпен қамту 50%-ды, екінші компонентпен қамту  46,5%-ды  құрады, - деді еліміздің бас дәрігері.

Сонымен қатар, егілуге тиісті халықты вакцинамен қамту өңірлер бойынша әр түрлі деңгейде екенін алға тартты.

Еліміздің 3 өңірінде – ШҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында егілуге тиісті халықтың 100%-дан астамы бірінші компонентпен қамтылған. 4 өңірінде - Шымкент, Алматы қалаларында, Қызылорда облысында, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында егілуге тиісті халықтың 75%-дан астамы қамтылған. 7 өңірде – вакцинациямен қамту 60%-дан 72%-ға дейін. Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациямен қамту деңгейі 60%-дан  төмен, - деп отыр ведомство басшысы. 

Ал республика бойынша ревакцинациялауға жататын халықты қамту 26,8%-ды құраған. Бүгінгі таңда 800 мыңнан астам адам індетке қарсы қайталап екпе салдырыпты.

Өзгелердің жаңалығы