Астанада Иманбаева және Ақан сері көшелері жабылды

2 Қыркүйек 2021, 16:49
2114
Бөлісу:
Астанада Иманбаева және Ақан сері көшелері жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше көшеде жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастады.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлайды.

Ақан сері көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 2 қыркүйекте сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін Н.Тілендиев даңғылынан Қарталы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сонымен қатар Ш.Иманбаева көшесінде жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті 2-12 қыркүйек аралығында А.Бараев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жартылай жабылды.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген Көлік басқармасының хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы