Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

29 Қараша 2023, 11:52
425
Бөлісу:
Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі. Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.

Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы