Астанада гастроэнтерологиялық халықаралық форум өтіп жатыр

3 Қараша 2022, 16:45
929
Бөлісу:
Астанада гастроэнтерологиялық халықаралық форум өтіп жатыр

Бүгін Астана медицина университетінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Астана - гастро 2022" атты XVII Жыл сайынғы гастроэнтерологиялық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форум Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, WGO (Дүниежүзілік гастоэнтерологтар қауымдастығы), Қазақстанның Ұлттық гастроэнтерологтар қауымдастығы, "Назарбаев Университеті" Медицина мектебінің және "UMC" КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қатысуымен ұйымдастырылды. 

Алғаш рет отандық мамандардан басқа, форум жұмысына ТМД елдерінен ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы мәселелері бойынша танымал сарапшылар қатысуда.

Асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісікке дейінгі аурулары, ерте және сапалы диагностика мүмкіндіктері, мақсатты терапияның жаңа жолдары: созылмалы атрофиялық гастрит , Герд, асқазан мен өңештің эпителий емес және эпителий аурулары мәселелері кеңінен жарияланады. ҚР-дағы С гепатитін жоюдың мемлекеттік бағдарламасының мәселелері, COVID-19 салдары, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланатын болады. Үлкен бөлім балалар мен ересектердегі ішек патологиясын, балалардағы бауыр онкологиялық ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған. Талқылау үшін клиникалық жағдайлар ұсынылады.

Форум - гастроэнтеролог-гепатологтар, терапевтер, онкологтар, педиатрлар, эндоскопистер, сәулелік диагностика мамандары, хирургтар, студенттер, резиденттер мен магистранттар арасында тәжірибе, білім алмасу.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беру көзделген.

Форум форматы гибридті: офлайн және онлайн.

Өзгелердің жаңалығы