Астанада есірткі сатумен айналысатын студент ұсталды

19 Қараша 2022, 22:44
847
Бөлісу:
Астанада есірткі сатумен айналысатын студент ұсталды

Астаналық полицейлер елордадағы колледждің 3-курс студентін ұстады. 18 жастағы студенттің пәтерінен екі келіден астам гашиш табылып, тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ тінту кезінде электронды таразы, өлшеп-орау ыдыстары және есірткі құралдарын өлшеп-орауға арналған құрылғылар да табылып, тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта елордаға есірткіні жеткізу арнасы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы