Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

24 Ақпан 2023, 13:02
1173
Бөлісу:
Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді
Фото: ҚР күрес Федерациясы

Астана қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Күрес федерациясы баспасөз қызметі жазды. 

Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді.

Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Балуандар 7-14 сәуір аралығында жүлделерді сарапқа салады, - деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар барлығы 307 медаль еншіледі. Олардың 81-і алтын, 85- күміс, 141-і қола. Бұл жөнінен медальдар кестесінде төртінші орында тұр. Алғашқы үштікте Иран, Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары келеді.

Өзгелердің жаңалығы