Астанада ер адамның саусақтары электр сүргіге қысылып, жарақат алды

Астанада электр құралымен жұмыс істеген ер адам жарақат алды

6 Қазан 2026, 13:56
АВТОР
 видеодан скриншот 6 Қазан 2026, 13:56
6 Қазан 2026, 13:56
236
Фото: видеодан скриншот

Астанада құтқарушылар электр құралында қысылып қалған ер адамның қолын босатты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқоңыр ауданында, Ш. Уәлиханов көшесінде ер адам электр құралымен жұмыс істеу кезінде жарақат алды.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келген кезде, зардап шегушінің саусақтары электр сүргіге қысылып қалғаны анықталды.

Құтқарушылар электр құралын абайлап бөлшектеп, зардап шегушінің қолын босатты. 2000 жылы туған ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада добын аламын деп темір торға қысылып қалған бала құтқарылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды

Шиеліде жол апатына ұшыраған жасөспірім тікұшақпен Қызылордаға жеткізілді

Маңғыстау облысында үш адамды ашық теңізге толқын алып кетті

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Наверх