Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Өмірге қатер төндіретін ерсі әрекет: Белгіленбеген ориндарда шомылудың салдары қандай?

29 Қыркүйек 2026, 17:28
АВТОР
 видеодан скриншот 29 Қыркүйек 2026, 17:28
29 Қыркүйек 2026, 17:28
187
Фото: видеодан скриншот

Астаналық ер адам көпірден суға секіріп кетті. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«102» арнасына «Тұлпар» көпірінен 46 жастағы ер адамның суға секіргені туралы хабарлама түскен. Суға құлағаннан кейін ер адам өздігінен жағаға жүзіп шыққан.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдады. Кейін ер адамға қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Елордалық полициясы көпірден суға секіру қауіпсіз ойын-сауық түрі емес екенін ескертеді. Судың тереңдігі, ағысы, су астындағы кедергілер және басқа да жағдайлар адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін. Сырттай жағдай жақсы аяқталғандай көрінгенімен, мұндай әрекет ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция өкілдері қауіпсіздік мақсатында шомылу үшін тек арнайы жабдықталған және осыған арналған орындарды таңдау қажет екенін ескертеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында үш адамды ашық теңізге толқын алып кетті. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды

Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды

Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх