Астанада еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды

28 Қазан 2022, 15:22
751
Бөлісу:
Астанада еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды
PHOTO

Қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының, аумақтық департаменттердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзінің құттықтау сөзінде әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыз азаматтардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын арттыруға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Астанада еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың проблемалары жүктеледі. Осы жауапты жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен іске деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге сезімталдықты, үлкен шыдамдылықты, жанашырлықты қажет етеді. Азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып табылатын мейірбан адамдар, еліміздің дамуы мен нығайуына қосқан үлесі көзге көріне бермейтін батырларымыз десе болады.  Сіздің қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз адамдарға сенімділік береді пен өмірдің қиын сынақтарын еңсеруде күш қосып, демейді. Мұқтаж жанның өмір сүруге деген құлшынысын ынталандыру мен үкілі үмітін ояту білу – бұл өмір сыйлаумен тең. Барлығы үшін сіздерге алғыс айтқым келеді! Осы салтанатты күні Сіздерге денсаулық, амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін. Кәсіби мерекеңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні құтты болсын! – деді Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова іс-шараға қатысушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, Отбасының цифрлық картасын енгізу және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген басқа да қолдау шараларының арқасында мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті форматына көшу туралы айтып берді.

Астанада еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды

Министр Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әлеуметтік қорғау жүйесінде 27 жыл жұмыс өтілі бар Мереке Мұхамедьяровты «Құрмет» орденімен марапаттады. Осы марапатқа еңбек жолының 33 жылын әлеуметтік салаға арнаған Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Наталья Крюкова, сондай-ақ еңбек жолын 26 жыл бұрын Алматы қаласының аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде бастаған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директорының кеңесшісі Айнахан Берикова ие болды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әлеуметтік салада 25 жыл еңбек етіп келе жатқан Айнұр Сатаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. ҚР ЕХӘҚМ қаржы департаменті директорының орынбасары Маржан Райымбекова «Шапағат» медалімен марапатталды.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы көп жылғы адал еңбегі, сондай-ақ еңбек жолындағы жоғары нәтижелері үшін Министрдің қолынан «Еңбек ардагері» ведомстволық медалін Түркістан облысының еңбек инспекциясының ардагері, зейнеткері Мұханмадияр Баяндиев, Жетісу облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дина Талданбаева, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері Айсұлу Агжанова алды.

Астанада еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды

Сондай-ақ 65 жасқа толуына байланысты Министрдің құттықтау хаты Сәуле Дүйсеноваға табысталды. Сәуле Сағынтайқызы көптеген жылдар бойы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталығын, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын басқарды.

Сала қызметкерлерін сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері Ақмәди Сарбасов, Олжас Ордабаев, Ербол Оспанов, Назгүл Сағындықова, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов та құттықтады.

Салтанатты рәсім барысында еліміздің түрлі өңірлерінен барлығы 88 әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері марапаттарға ие болды. Оның ішінде «Құрмет» орденімен 3 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – 4 қызметкер, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам марапатталды. «Шапағат» медалімен – 1 адам, «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен – 10 қызметкер награтталды. «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі 21 адамға табыс етілді.

Саланың 19 қызметкері ведомствоның Құрмет грамотасын алды, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хатына 29 қызметкер ие болды.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Мәдениет үздіктері, республикалық конкурстар лауреаттарының қатысуымен концерт өтті.

Өзгелердің жаңалығы