Астанада екі жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

1 Шілде 2023, 12:46
493
Бөлісу:
Астанада екі жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылы және Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында орташа жөндеу жұмысын бастады, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 1 шілдесі сағат 21:00-ден 2 шілде сағат 09:00-ге дейін Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Бұдан бөлек осы жылдың 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшелерінің қиылысында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Сондай-ақ, орташа жөндеу Тұран даңғылымен Бұқар Жырау даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі жергілікті өткелден басталды. Осыған байланысты 1-3 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы