Астанада екі жасөспірімнен АИТВ анықталды

24 Шілде 2023, 15:30
684
Бөлісу:
Астанада екі жасөспірімнен АИТВ анықталды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша елордада 206 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған. Оның екеуі жасөспірім, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері мәлімдеді.

Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім, - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, вирустық А гепатиті 88%-ға, менингококк инфекциясы 84%-ға, тұмау 20 есе, ЖРВИ 4 есе артқан. 117 адам қызылша жұқтырған, оның 90-ы екпе алмаған балалар.

Сарқыт Бейсенова тұрғындарға белгісіз жерлерде және субұрқақтарда суға түспеуге кеңес берді, ол жерлерде энтеровирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы