Астанада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

21 Ақпан 2023, 19:08
912
Бөлісу:
Астанада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды
PHOTO
Фото: Астана әкімдігі

Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 21 ақпан күні түстен кейін қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Астанада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

21 ақпанға қараған түні елордадан 16 мың текше метрден астам қар немесе 1244 рейс шығарылды. Таңертеңнен бастап елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 269 703 рейс жасалды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Астанада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін де қар жауады. 21 ақпанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең қар, боран болады деп күтілуде. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, қалада оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел күтіледі.

Астанада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауды сұраймыз. Көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет, - деп атап өтті ведомстводағылар.

Өзгелердің жаңалығы