Астанада екі даңғыл мен тас жолда көлік қозғалысы шектеледі

25 Мамыр 2023, 20:47
760
Бөлісу:
Астанада екі даңғыл мен тас жолда көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Артём Чурсинов

Қорғалжын тас жолында және Р. Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысында Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Қорғалжын тас жолында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты 25-31 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Р. Қошқарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік айрығынан оң жақ съездерге орташа жөндеу жүргізілуде. Мұнда көлік қозғалысы 25-27 мамыр аралығында толығымен жабылады.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы