Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

16 Қараша 2023, 17:40
516
Бөлісу:
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста үздіктер анықталды. Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесінде Қызылорда облысы үздік атанды. Қарғанды облысы күміс жүлдегер атанса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды.

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

Ал Қазақстан чемпионатының жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде Жетісу облысының командасы (3 алтын, 2 күміс) бірінші, Ақтөбе облысы (3 алтын) екінші, Маңғыстау (2 алтын) облысы үшінші орындарға жайғасты.

Айта кетерлігі, ел біріншілігінде еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 463 спортшы өзара мықтыны анықтады.

Өзгелердің жаңалығы