Астанада демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші анықталды

Полиция мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертті.

 istockphoto.com 11 Тамыз 2026, 21:17
11 Тамыз 2026, 21:17
186
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының полиция қызметкерлері өткен демалыс күндері көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған 24 жүргізушіні анықтады.

Солардың бірі түнгі уақытта елорда көшелерінің бірінде Haval көлігімен тоқтатылған. Рөлде 38 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру оның мас күйінде көлік жүргізгенін растады.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертті.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлікті мас күйінде басқармауға шақырды.

Наверх