Астанада дәрігерлер 52 жастағы ер адамды Паркинсон сырқатынан құтқарды

30 Қараша 2022, 23:15
3304
Бөлісу:
Астанада дәрігерлер 52 жастағы ер адамды Паркинсон сырқатынан құтқарды
PHOTO

Паркинсон сырқаты мазалайтын 52 жастағы Астана тұрғынын дәрігерлер қимыл-қозғалыс функцияларының бұзылысынан құтқарды,  деп хабарлайды BAQ.KZ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқасқа «оң жақ стереотактикалық таламотомия» отасы жасалды. Басқаша айтқанда, науқас бас сүйегі арқылы мидың ортасына терең еніп, субталамикалық ядроға ток өтетін кішкентай электродтар енгізілді. Құрылғы аурудан зардап шеккен ми жасушаларының жұмысын терең ынталандырады. Импульстар мидың зақымдалған бөліктеріне тікелей еніп, олардың қызметін тездетеді. Осылайша, Паркинсон ауруының белгілерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және оның ағымын баяулатады.  Ота квота бойынша, МӘМС аясында жасалды.

Ұлттық нейрохирургия орталығына Астана қаласының 52 жастағы тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Науқастың айтуынша, ол 2016 жылдан бері Паркинсон ауруымен ауырып келеді. Осы уақыт ішінде ер адам үнемі Нейрохирургия орталығының мамандарынан кеңес алып тұрды, тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімі мамандарының бақылауымен ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмектер арқылы ем (түзету терапиясын) алды. Бірақ науқастың жағдайы жақсармады, қимыл-қозғалыс  функциялары бұзыла бастады, қолдары мүлдем «тыңдамайтын» болды. Екі қолы қатты дірілдейтіні соншалық, күнделікті өмірінде кедергі келтірді, бұлшық еттері икемге келмей, денесі сіресіп, қатайып кетті. Хирургиялық емнің оң әсері мен қауіпті жақтарын таразылай келе, ер адам ота жасатуғашешім қабылдайды.

Соңғы кездері осы ауруға байланысты компьютерде жұмыс істей алмадым, бар зейінімді жұмысқа аудара алмадым. Күн сайын осы жағдай мені тұйыққа тірей бастады, сонымен қатар тоқтаусыз дірілден ұйқым бұзылды. Отадан кейін өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Діріл енді мазаламайды. Соған өте қуаныштымын. Оң қолым да, сол қолым да толығымен қалпына келді. Бұған дейін сол қолым ырқыма мүлдем бағынбаған кезде, дірілдің қатты болғаны соншалық, ол оң қолыма да берілетін еді. Отадан кейін бәрі керемет, - деп бөлісті науқас. 

Науқасқа ота жасаған Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Шыңғыс Сағадатұлы Нұриманов отаның мәнісін егжей-тегжейлі баяндап берді. 

Астанада дәрігерлер 52 жастағы ер адамды Паркинсон сырқатынан құтқарды

Ота квота бойынша, МӘМС аясында жүргізілді. Біз науқасқа «оң жақ стереотактикалық таламотомия» отасын жасадық. Басқаша айтқанда, науқас бас сүйегі арқылы мидың ортасына терең еніп, субталамикалық ядроға ток өтетін кішкентай электродтар енгізілді. Құрылғы аурудан зардап шеккен ми жасушаларының жұмысын терең ынталандырады. Импульстар мидың зақымдалған бөліктеріне тікелей еніп, олардың қызметін тездетеді. Осылайша, Паркинсон ауруының белгілерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және оның ағымын баяулатады, - деп түсіндірді нейрохирург-дәрігер Шыңғыс Сағадатұлы. 

Алайда, мұндай ота жасау үшін нақты көрсетімдер және қарсы көрсетімдер бар. Сонымен қатар, асқынған ауруы бар және есте сақтау қабілеті нашар науқастарға мұндай имплантты орнықтыру нәтижелі бола қоймайды, деп атап өтті дәрігер.

Айта кетейік, Ұлттық нейрохирургия орталығы 2013 жылдан бастап Паркинсон ауруын емдеудің нейрохирургиялық әдістерін - мидың терең нейростимуляциясын және паллидотомия, таламотомия сияқты аблятивті араласулар жүргізу әдістемесін енгізіп, сәтті қолдануда. Бүгінгі күні Ұлттық нейрохирургия орталығында тек Паркинсон сырқаты бойынша 480-нен аса хирургиялық (араласу) ота жасалды.

Өзгелердің жаңалығы