Астанада Dala Dauysy республикалық конкурсы өтеді

31 Қазан 2022, 21:46
1088
Бөлісу:
Астанада Dala Dauysy республикалық конкурсы өтеді

Астанада Dala Dauysy республикалық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын ұйымдастырып отыр.

Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2  арнайы жүлдесі. 

Конкурсқа соңғы 3 жылда жазылған және Конкурсқа Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2022 жылғы 15 қазан) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатысады.  Авторлар екі номинацияға бір туындыдан ұсына алады. 

Астанада Dala Dauysy республикалық конкурсы өтеді

Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы айқындайды.

Үміткерлердің өтінімдер мен қосымша материалдары қағаз жеткізгіште Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайы бойынша № 229 кабинетте қабылданады. 

Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және Гала-концерт 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы