Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

19 Қазан 2023, 22:41
593
Бөлісу:
Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

Астана қаласында 21 қазан – 4 қараша аралығында бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2005-2006 жылғы жастар мен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер Азия чемпионатының медалі үшін жекпе-жекке түсетін құрлық чемпионатына 23 елден 500-ге тарта боксшы қатыспақ. Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты бұған дейін елімізде 2016 жылы Павлодар қаласында өткізілді. Азия чемпионаты Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы