Астанада биыл құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызады

29 Шілде 2023, 20:38
960
Бөлісу:
Астанада биыл құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызады
Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылыс салушыларға жасыл желек отырғызу, абаттандыру жұмысы жүктелетінін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл жоспар бойынша қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралды. Жеке құрылыс салушылардың мойнына жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелді. Бірінші кезең бойынша 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Бұл жасыл желектер санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді, - деді елорда әкімі.

Осылайша, құрылыс салушылар ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызатын болады.
Құрылыс салушылардың алдында үйлерді сапалы күйде салып қана қоймай, тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандырумен, көгалдандырумен де айналысу міндеті тұр.

Жалпы, биыл қалада бір миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 500 мыңы – қаланың жасыл белдеуі аумағында. Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтаймыз. Бұл Астананы бақша қаласына айналдыруға мүмкіндік береді. Ал басымдық жапырақты ағаштарға беріледі, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы