Астанада биыл қанша түлек мектеп бітіреді?

30 Мамыр 2023, 09:46
1274
Бөлісу:
Астанада биыл қанша түлек мектеп бітіреді?
Фото: Артём Чурсинов

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев 2022-2023 оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлық білім беру ұйымында оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.

Биылғы оқу жылында 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды. 9-сыныптың қорытынды емтихандары 2023 жылғы маусымның 2-13 жұлдызы аралығында, ал 11 және 12-сыныптың оқушылары мемлекеттік емтихандарды 5-19 маусым аралығында тапсырады, - деді Әділбаев.

9-сынып емтиханды 4 пәннен тапсырады. Олар: қазақ және орыс тілдерінен жазбаша емтихан, математикадан жазбаша емтихан, орыс тілдеріне оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан, таңдау пәні бойынша (химия, физика, биология, география, геометрия, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және әдебиет), шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және информатикадан жазбаша емтихан.

Ал 11-сыныптың оқушылары 5 пәннен емтихан тапсырады. Олар: қазақ тілі, орыс тілі бойынша жазбаша, алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жазбаша, қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтихан өтеді.

Сондай-ақ таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатикадан жазбаша емтихан тапсырады.

Білім басқармасы өкілінің айтуынша, 11-сыныптың емтихан материалдары әрбір білім беру ұйымына электронды форматта бірінші басшының электронды поштасына емтихан өткізілетін күні сағат 7.00-де жіберіледі.

Балалардың емтихандары аяқталғаннан кейін каникул басталады. Елорданың білім басқармасы ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін үнемі назарда ұстауды еске салды.

Сондай-ақ, Әділбаев 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай елордада бірқатар іс-шара өтетінін айтты. Сөзінше, Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалада 50-ден астам іс-шара өткізіледі. Мысалы, конкурстар, ойын-сауық бағдарламалары.

Өзгелердің жаңалығы