Астанада бірнеше көше уақытша жабылады

16 Қыркүйек 2023, 09:06
731
Бөлісу:
Астанада бірнеше көше уақытша жабылады
Фото: Артём Чурсинов

Елордадағы Қошқарбаев көшесінің учаскелері мен Сығанақ пен Әнет баба көшелерінің қиылысы жол-құрылыс жұмысына байланысты бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Қошқарбаев даңғылының оң жағындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 16-18 қыркүйек аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс екі бағытта да сол жақта жүзеге асырылады.

Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жұмысы да жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты 15-16 қыркүйек күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы