Астанада бірнеше ер адам мен жасөспірімдер төбелескен

17 Тамыз 2023, 05:01
495
Бөлісу:
Астанада бірнеше ер адам мен жасөспірімдер төбелескен
Фото: архив

2023 жылғы 15 тамызда полицияға Астанадағы аулалардың бірінде төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері үй тұрғындарының аулада қатты шулаған жасөспірімге ескерту жасағанын, алайда әңгіме жанжалға ұласқанын анықтады.

Төбелескендердің барлығы полицияға жеткізілді.

Осы оқиға бойынша әкімшілік іс жүргізу аясында тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша кінәлілерге шара қолданылады, - деп жазды Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы