Астанада бір жылдың ішінде 6 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық ота жасалған

2 Наурыз 2022, 17:00
1535
Бөлісу:
Астанада бір жылдың ішінде 6 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық ота жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. 

Сондай-ақ ол былтыр қор есебінен емделген науқастар санына тоқталды. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша қор активі есебінен елорда стационарларында жоспарлы түрде 91 460 пациент емделді. Бұған 43 млрд 537 млн 25 мың теңге жұмсалды. Атап айтқанда, 28 мыңнан аса босандыру қызметі, ЭКО бойынша 1535 қызмет қаржыландырылды, - деп атап өтті филиал директоры. 

Сонымен қатар ол медициналық оталар санының артқанын алға тартты. Осылайша, емделушілер жоғары технологиялық медициналық қызметке қол жеткізген. 

Ота саны артты. Тек жоғары технологиялық медициналық қызметтің көмегімен 5,8 мың ота жасалып, оған 13,4 млрд теңге жұмсалды. Электромагниттік есту аппараты имплантациясымен 84 адамның ем қабылдағаны белгілі болды, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр елордада медициналық көмекке 84,7 млрд теңге жұмсалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы