Былтыр елордада медициналық көмекке 84,7 млрд теңге жұмсалған

2 Наурыз 2022, 16:34
1471
Бөлісу:
Былтыр елордада медициналық көмекке 84,7 млрд теңге жұмсалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. 

Оның айтуынша, былтыр елордада МӘМС бойынша медициналық көмекке 84,7 млрд теңге жұмсалған. 

Оның ішінде, консультативтік-диагностикалық көмекке – 15,1 млрд, стационарды алмастыратын көмекке – 4,9 млрд, скринингтік зерттеулерге – 397,1 млн, онкогемотологияға – 439,5 млн  жіберілді. Қазіргі уақытта қор астаналық 113 медициналық қызметті жеткізушімен шарт жасасты. Оның 76-сы – жекеменшік емханалар. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді, - деп атап өтті филиал басшысы.

Ал аймақтық бөлікте қарастырсақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілер үлесі - 67%-ға тең.

МӘМС енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрілік көмектің де қолжетімділігі артты. Бұрын пациенттер 45 сырқат-дерт бойынша препараттар алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы