Астанада бес жасар қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалды

15 Тамыз 2023, 03:34
692
Бөлісу:
Астанада бес жасар қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалды
Фото: архив

Астанада полиция балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ-сілтеме жасап.

Сайттағы деректерге қарағанда, әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды.

Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды, - деп жазылған хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылардың оқиға елордадағы «Фламинго» тұрғын үй кешенінің жанында болағанын жазған.

Өзгелердің жаңалығы