Астанада Ұлттық музейде «Берел» ғылыми-зерттеу қоры ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғылыми-зерттеу қорына археолог Зейнолла Самашев жетекшілік еткен археологиялық экспедицияның әр жылдары «Берел» сақ қорғандарынан тапқан бірегей артефактілері жинақталған.
«Берел» ғылыми-зерттеу қорын құрып, оны Ұлттық музейде ашуымыздың себебі — сақтарға қатысты жәдігерлердің бір жерде сақталғанын қаладым. Қызығушылық танытқан барша қауым, оқушылар мен студенттер бүкіл ақпаратты «Берел» қорынан алса деп ниет еттім. Әрі мұндай залдың болуы құнды жәдігерлерімізге реставрация мен консервация жұмыстарын жасауға ыңғайлы, – деп атап өтті археолог Зейнолла Самашев.
Қорға 2 мыңнан астам жәдігер еніп отыр.
Айта кетерлігі, мұндағы әрбір археологиялық зат зерттеуден өтіп, жүйеленіп, қалпына келтірілген. Олардың ішінде алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару- түрлері, ағаш қималары мен діңгектерінің бөлшектері бар.
«Берел» қорында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар, тарихшылар, археологтар, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар жұмыс істейтін болады.