Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді

11 Шілде 2023, 20:48
608
Бөлісу:
Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониянда Байқоңыр ауданының 5 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев аудан жетістіктері туралы айтып берді.

Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді

Бүгінде Байқоңыр ауданы біздің бас қаламыздың лайықты бөлігіне айналды. Осы бес жыл ішінде жас аудан Астананың маңызды орталықтарының біріне айналды. Бүгінде аудан тұрғындары 240 мыңға жуық адамды құрайды. 5 жыл ішінде ауданда 188 аулаға кешенді абаттандыру жұмысы жүргізілсе, 107 аула жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 30-дан астам қоғамдық кеңістік пен скверлер құрылды, 35 көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді, 30 мың ағаш, 37 метр қоршау және 40 мың шаршы метр гүл бақшасы отырғызылды. Жол-көлік инфрақұрылымы бойынша ұзындығы 55 км 92 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жабық үлгідегі 20 аялдама павильоны және вандалға қарсы 37 павильон орнатылды. Әлеуметтік бағыт бойынша жыл сайын 3 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетіледі, – деді аудан әкімі.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов Байқоңыр ауданының 5 жыл ішінде елордадағы елеулі өзгерістердің бастамашысы болғанын атап өтті.

Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді

Экономика, құрылыс секторы жаңаша жұмыс істей бастады, көші-қон процестері өзгерді. Ауданымыздың сәулеті ерекше қуантады. Мұндағы бірқатар нысан әлемдік деңгейдегі ғимараттардан кем түспейді. Ауданда ірі медициналық, білім беру, IT және қаржы орталықтары іске асырылды. Жыл сайын облыс ауданының білім көрсеткіштері мен мәртебесі артып келеді. Біз өзіміздің қайталанбас тарихымызды, дәстүріміз бен мәдениетімізді кейінге мұра етіп қалдыратынмызды ұғуымыз керек, – деді Ерлан Қаналимов.

Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді

Іс-шара барысында аудан белсенділерін алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді

Байқоңыр ауданының тұрғындары алдында концерттік бағдарламамен Ұлықпан мен Фарида Жолдасовтар, Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Бейбіт Қорған және Шахериза өнер көрсетті.

Астанада Байқоңыр ауданының 5 жылдығы атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы